Категория: Барлық материалдар
Жарияланды 12.10.2014
Автор: Омарбекова А.
Аты-жөні, туылған күні: Алтынбек Әмірұлы (Амирович) ШӘРІПБАЙ (ШАРИПБАЕВ), 16 маусым 1952 жылы.
Білімі. 1974 жылы С.М. Киров атындағы ҚазМУ "Қолданбалы математика" мамандығы бойынша бітірді, ал 1981 жылы М.В. Ломоносов атындағы ММУ аспирантурасын "Есептеу машиналары, жүйелері мен желілерінің математикалық және программалық қамтымы" мамандығы бойынша аяқтады. 1989 жылы М. Тореза атындағы ШТ ММИ «Француз тілі» курсын, ал 1990 жылы Поль Валерий университетінде (Франция) ғылыми тағылымдамадан өтті. Қазақ, орыс, ағылшын және француз тілдерін біледі.
Ғылыми атағы, дәрежесі. «Информатика, есептеу техникасы және басқару» мамандықтар тобы бойынша физика-математика ғылымдарының кандидаты, техника ғылымдарының докторы және профессор, Халықаралық ақпараттандыру академиясының академигі, Қазақстан Республикасының педагогика ғылымдары академиясының академигі, ҚР ғылым, техника және білім беру саласындағы мемлекеттік сыйлығының 2001 жылғы лауреаты.
Жұмыс орны. 1974-1975 жылдары С.М.Киров атындағы ҚазМУ - математик-программалаушы; 1975-1981жылдары М.В.Ломоносов атындағы ММУ - стажер-зерттеуші, аспирант; 1981-1992 жылдары ҚазМУ-де ассистент, доцент, кафедра меңгерушісі; 1992-1997 жылдары ҚР ҰҒА Информатика мен басқару проблемалар институты – зертхана меңгерушісі; 1997-1998 жылдары Қазақ мемлекеттік басқару академиясы – кафедра меңгерушісі; 1998-2000 жылдары Ақпараттық технологиялар орталығы – директор; 2000 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ – кафедра меңгерушісі, профессор, «Жасанды интеллект» ғылыми-зерттеу институтының директоры.
Ғылыми-практикалық әрекет: ғылыми қызығушылықтары: программалау теориясы, жасанды интеллект (есептеу лингвистикасы, табиғи тілді өңдеу, сөйлеу технологиялары), ақпараттық қауіпсіздік, ақпараттық қауіпсіздік және әлеуметтік-экономикалық саланы цифрландыру. Ғылыми зерттеулердің нәтижелері бойынша 500-ден астам ғылыми жұмыстар жарияланды, оның ішінде 53 Scopus мақалалары, H-index 9 және 24 WoS мақалалары, H-index 6.
Программалау теориясы саласында ол алмастырымдылық және логикалық программалау тілдерінің семантикалары формалданды, программалық және аппараттық құралдарды верификациялауды автоматтандыру әдістері құрылды. Осы зерттеулер негізінде «Символдық процессор тіліндегі программаларды ішінара верификациялау» кандидаттық диссертациясы және «Есептеу машиналары мен жүйелерінің программалық және аппараттық құралдарын верификациялау» докторлық диссертациясы қорғалды. Алынған ғылыми нәтижелері 1976-1991жылдары КСРО стратегиялық ғылыми орталықтарында енгізілді: «Ғарыштық жүйелерді имитациялау тілінің трансляторы» Ұшу-сынау институтында (Жуковск қ.); «Цифрлық сұлбаларды верификациялау жүйесі», Ғылыми-өндірістік орталығында (Зеленоград қ.); «Көппроцессорлы есептеу кешені үшін параллелді программалау жүйесі» Электрондық есептеу техникасының халықаралық ғылыми орталығында (Москеу қ.).
Жасанды интеллект (компьютерлік лингвистика) саласында қазақ тілінің математикалық теориясы және қазақ тілінің жазбаша және ауызша сөйлемдерін талдау мен синтездеу әдістері жасалды. Бұл қазақ мәтіндерін грамматикалық талдау мен синтезді және сөйленгенді жазбашаға, ал жазылғанды сөйлеуге айналдыруды автоматтандырып, қазақ тілінде жасанды интеллект жасауға мүмкіндік берді. Нәтижесінде қомпьютер қазақ тіліндегі сөйлемдердің мағынасын түсініп, адам қойған сұраққа жауап бере алатын, ал өзі қойған сұраққа адам берген жауаптың дұрыстығын бағалай алатын болды (https://abctv.kz/ru/tv/zhasandy-intellekt).
Ақпараттық қауіпсіздік және ақпаратты қорғау саласында бейклассикалық (ықтимал, бұлдыр) логика негізінде тәуекелділікті бағалау мен аудит жасау және балама математикалық (автоматтық, кванттық және нейрожелілік) моделдер негізінде сенімді криптожүйелер жасауға мүмкіндік беретін әдістер даярланды.
Цифрлық технологиялар саласында (Қазақ әлпбиін кодтау, Автоматтандырылған жүйелерді жасауға техникалық тапсырмалар, Программалық қамтымды сынақтан өткізуді жоспарлау және басқа) мемлекеттік стандарттар даярланды және тапсырушы мекемелерде ендірілген әртүрлі атоматтандырылған жүйелер (Құнды қағаздарды автоматтандырылған тіркеу жүйесі, Құнды қағаздарды автоматтандырылған депозиттер жүйесі, Коммуналдық төлемдерді есептеудің автоматтандырылған жүйесі, Депутаттарды сайлаудың автоматтандырылған жүйесі, Есеп комитетінің автоматтандырылған ақпараттық базасы және т.б.) даярланды.
Электрондық оқыту саласында «Электрондық оқу басылымдарының генераторы», «Мемлекеттік қызметкерлерді қазақ тіліне қашықтан оқыту жүйесі», «Қазақ тілінде сұрақ–жауап интеллектуалды жүйесі», «Интеллектуалды электрондық университет», «Қазақ тілінде білімді беру, бақылау және бағалаудың интеллектуалды жүйесі» және 40-тан астам электрондық оқу басылымы даярланды.
Оқыту-әдістемелік әрекет: 11 оқулық (Информатика қазақ және орыс тілдерінде, Тілдер мен автоматтар теориясы қазақ және орыс тілдерінде 2-басылым, Нейрондық желілер қазақ және орыс тілдерінде 2-басылым, Ақпараттық қауіпсіздік және ақпаратты қорғау 3-бөлім) және 13 оқу құралдарын (Языки символьной обработки, Технология программирования, Математика для компьютерных наук, Mathematics for Computer Science, Реляциялық деректер базасын құру мен әкімшіліктеу және т.б.) шығарды, 3 монография (Доказательство правильности программных и аппаратных средств компьютеров, Құнды қағаздар анықталығы, Қазақ жазуын латын әлібиіне көшіру проблемалары) және 5 терминологиялық (Қазақша-орысша, орысша-қазақша информатика және есептеу техника бойынша терминологиялық сөздік 2-басылым, Қазақша-орысша, орысша-қазақша ақпараттық және коммуникациялық технологиялары бойынша терминологиялық сөздік, Қазақ жазуын латын әлібиіне көшіруде қажет орфографиялық сөздік) және 4 түсіндірме сөздіктер (Ғылыми-салалық информатика және есептеу техника бойынша түсіндірме сөздік, Ағылшын, орыс және қазақ тілдерінде информатика бойынша түсіндірме сөздік, Ағылшын, орыс және қазақ тілдерінде автоматтанрылған жүйелер бойынша терминдер мен анықтамалар, Ағылшын, орыс және қазақ тілдерінде программалық құжаттамалардың бірыңғай жүйесі бойынша терминдер мен анықтамалар) шығарды, сонымен қатар 30-дан астам авторлық куәліктер алынған, 9 МЖМББС даярланды.
Ғылыми кадрлерді даярлау: «Информатика, есептеу техникасы және басқару» мамандықтар тобы бойынша 5 ғылым докторын (Байбеков С.Н, Боранбаев С.Н., Ускенбаева Р.К., Атанов С.К., Куандыков А.), 8 ғылым кандидатын және Информатика бойынша 10 PhD дайындады.
Халықаралық ынтымақтастық. Шетелдердің ғылыми орталықтарының шақыруы бойынша дәріс оқу мен ғылыми баяндама жасау үшін ол келесі елдерде болды:
Болгария - 1989 ж.; Франция - 1990 ж., 1996, 2015 ж.; Қытай -1993, 2010, 2014 ж.; Германия -1998, 2015 ж.; Түркия -1999, 2008, 2013, 2015 ж.; Тайланд - 2003, 2015 ж.; Израиль - 2006 ж.; Ұлыбритания - 2006 ж.; Мальта - 2007 ж., Жапония - 2012 ж.; Корея - 2013 ж.; Италия - 2013, 2018 ж.; Испания - 2014, 2016, 2018 ж.; БАӘ -2016 ж., Австрия - 2016 ж.; Малайзия – 2017 ж., Португалия - 2017 ж., Польша -2018 ж., Греция - 2018 ж.
Марапаттаулар мен гранттар: 2001 ж. – ҚР ғылым, техника және білім беру саласындағы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты; 2003 ж. – ҚР ғылымының дамуына қосқан үлесі үшін медалі; 2005 ж. және 2010 ж. ҚР БҒМ «ЖОО үздік оқытушысы» гранттары; 2014 ж. – Кеден одағын дамытқаны үшін медалі; 2015 ж. – «Қазақстан Республикасының Конституциясына 20 жыл» Юбилейлік медалі; 2015 ж.–Л.Н.Гумилев медалі; 2017 ж. Күлтегін медалі.
ШАРИПБАЙ АЛТЫНБЕК АМИРОВИЧ